"Ақпыз, қара, сарымыз Бір еркектің қатынымыз - бәріміз!"
ERNUR.KZ. "Алматыда қойылды" делінген әйел мүсіндерінің фотосы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп жазады ERNUR.KZ.
Желі қолданушылары бұл мүсіндерді "Алматы қаласындағы демалыс орындарының бірінде" деп жазады. Ол мүсіндердің суреттері Facebook желісінде таралып жатыр.
Сонымен қатар, бұл мүсіндер әлеуметтік желіде дау тудырып, қолданушылардың пікірі екі жаққа бөлінуде.
Әлеуметтік желіде: «Желге ұшқан ақшаның обалы қайда екен», «Алматы әкіміне тегін пияр ма?», «Бұл күндері толып барамын деп уайымдап жүрсем, Алматыға барсам мыналардың алдың снигуршкә болатын сияқтымын ғой», «сіз өйтіп неғымаңыз. бұл қонақтар үшін ғой» «Ішкиімдері бар екен, шүкір. Әдетте мұндай мүсіндер лыпасыз болады ғой», «Бұл қай жер? Алматы ма?Ойларына келген мүсінді қоя беретін болған ба Алматыда?», - деген пікірлер білдіріп жатыр.
Айта кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен ресми ақпарат алу мақсатында қоңырау шалған едік. Бірақ ешқандай байланыс орната алмадық.