Магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықтықта орналасқан.
Скриншот\ Яндекс карта
ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, деп жазады tengrinews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда Астана уақытымен сағат 12:25-те жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықтықта орналасқан", – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілген жоқ.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қырғызстанның елді мекендеріндегі жер сілкінісінің қарқындылығы:
- Қарағай-Бұлақ ауылы – 3,5 балл,
- Бішкек – 2,5 балл.