Баланың апасы мен ата-анасы қазақстандық фельдшерге кәсібилігі мен көмегі үшін алғыс білдірді.
Фото: Ru.freepik.com
ERNUR.KZ. Алматылық жедел жәрдем фельдшері Гаухар Әкімова Таиландта отбасымен демалып жүргенде екі жасар қызға жергілікті дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетіп, алып қалды, деп жазады stan.kz.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жағдайдың демалыс кезінде болғанын хабарлады. Бірнеше күн бұрын қыз баланың жағдайы нашарлай бастаған. Аурудың белгілері энтеровирустық инфекцияға нұсқаған. Бала тамақ ішпей, кейін ұстамасы ұстаған.
Туыстары алаңадап, демалып жүрген адамдардан көмек сұраған. Сол кезде оларға көмекке Гаухар Әкімова келген. Фельдшер баланың жағдайын бағалап, қажет алғашқы көмек көрсетіп, жергілікті жедел жәрдем қызметтері келгенше қыз баланы қадағалап тұрған.
Баланың апасы мен ата-анасы қазақстандық фельдшерге кәсібилігі мен көмегі үшін алғыс білдірді.


