Алматылықтарға су басу қаупі туралы ескертілді

0
491

15 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.


Алматылықтарға су басу қаупі туралы ескертілді

ERNUR.KZ. Алматы тұрғындарына су басу қаупі туралы ескертілді, деп жазады tengrinews.kz.

Қала тұрғындары 112 қызметінен 15-16 шілдеде Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілетіні туралы SMS-хабарлама алды.

Ауа райы болжамына сәйкес, 15 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 31-33 градус жылы.