Денис Теннің өлімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде қоғамдық кеңес өткен болатын
фото: zbroya.info
ERNUR.KZ. Алматы тұрғындары мен қонақтарына травмат қару ұстауға рұқсат беру туралы ұсыныс жасалды, - деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде өткен қоғамдық кеңестің отырысында қала тұрғындарына травматикалық қару ұстауға рұқсат беру мәселесі қарастырылды.
Қоғамдық кеңес мүшесі Сергей Пономаревтың айтуынша, қазақстандықтар құқық қорғау органдарына сенуді қойған – реформа қажет. Ол қалалықтардың травматикалық қару ұстауға рұқсат беру мәселесін қарауды ұсынды.
"ІІД есіктерін ашу қажет. Адамдар екі сағат бойы кезекте отырып, соңында кіре алмай қайтып кетеді. Осыған байланысты қылмыс 30 пайызға түседі. Соңына дейін жеткендер, кері байланысты көре алмайды. Тек 10 пайызы қандай да бір реакция болады. (...) Ұсталғандар мен күдіктілердің қылмыс істегенінде күмәнім жоқ. Алайда кей жағдайда "подставалар" болады. Біз полицияға сенбейміз, сол жерде тұрып-ақ "шешіп" кететінімізге сенімдіміз. Адамдарды қаруландыруды қолдаймын. Егер полиция бізді қорғамаса, травматтарды қайтарайық. Иір ойықты мылтық емес, тапаншалар емес, тек травматтарды қайтарайық. Әрине, жақсы реформа қажет", - дейді Пономарев.
Айта кетейік, Денис Теннің өлімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде қоғамдық кеңес өткен болатын.