52 жастағы әйел қызын жаттығу үстінен алып кеткісі келген.
ERNUR.KZ. Астанада 10 жасар қызын жұлқылап ұрып, тіпті басын көлікке соққан әйелдің оқиғасы жалғасын тапты, деп жазады exk.kz.
Бұған дейін елордада жанұшыра жылаған бүлдіршінді анасының желкесінен сүйреп, басын маңайдағы көлікке соққан ана туралы жазған едік. Осы оқиғаға қатысты қыздың әкесі, Бас прокуратурада істейтін Қадыржан Маматаев "Время" газетіне сұхбат беріпті.
Бұл іспен полиция айналысып жатыр. Сондай-ақ видеоны әкімдіктен келген комиссия бірнеше рет қарап шықты. Қызым шынтағын ұрып алған. Еш жері көгермеген. Ол жарысқа қатысуы керек еді, бірақ енді қатыспайтын болды, деп түсіндірді қыздың әкесі.
Оның айтуынша, қызы спортпен айналысқысы келмейтінін мәлімдеген.
"Енді қызым спортпен шұғылданғысы келмейді. Ал ол біраз жетістікке қол жеткізген еді. Қазақстанның абсолютті чемпионы болды. Дубайдағы, Әзірбайжандағы халықаралық жарыстарға қатысты. Осыны түсіну керек", - деді Қадыржан Маматаев.
Осылайша, Бас прокуратура қызметкері сонша даурығатындай ештеңе болған жоқ деп отыр. Ал қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 52 жастағы әйел қызын жаттығу үстінен алып кеткісі келген. Бала болса, үйге қайтудан бас тартқан.