Антикор "СК-Фармация" ЖШС қызметін тексереді

0
750

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.


Антикор

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп жазады zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Талдау шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және "СҚ-Фармация" ЖШС қызметі мәселелері зерделенетін болады.

Талдау Агенттіктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.

Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса оларды электрондық поштаға жіберуіңізге болады abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.