Әр балаға - 46 228 теңге: 500 мың адамның есепшотына ақша түседі

0
165

Жалпы аударылатын қаражат көлемі 22,2 млрд теңгені құрайды.


Әр балаға - 46 228 теңге: 500 мың адамның есепшотына ақша түседі

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қазақстанда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын мемлекет есебінен мектепке дайындау шаралары басталды, деп жазады sputnik.kz.
Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мыңнан астам адамға - жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай көмек беріледі.
Министрлік хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына әрбір бала үшін 46 228 теңге аударылады. Осы ақшаға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік болады.

Айта кетері, былтыр да 500 мыңнан астам баланың ата-анасына 22,2 млрд теңге аударылды. Сол кезде әрбір балаға 45 мың теңгеден шыққан.