ArtSport порталында тексеру жүргізіледі: кейбір аккаунтар бұғатталады

0
463

​Тексеруден өтпеген аккуанттарға қателіктерді жоюға 15 күн беріледі.


ArtSport порталында тексеру жүргізіледі: кейбір аккаунтар бұғатталады

ERNUR.KZ. ArtSport бағдарламасын жасаушылар бағдарламаға қатысушылардың мәліметтерін мобильдік мемлекеттік база арқылы тексеруді бастайды, деп жазады sputnik.kz.

Мәліметтерді тексеру ата-аналар, балалар, қызмет көрсеушілер мен тренерлер туралы жалған ақпаратты анықтау мақсатында жүргізіледі.
Тексеру екі кезеңде жүргізіледі:
Пайдаланушыларға өз профильдерінде көрсетілген телефон нөмірлерінің нақтылығына көз жеткізу қажет. Сонымен қатар сол нөмір eGov Mobile қосымшасында тіркелген болуы керек.
Көрсетілген телефон нөміріне 1414 нөмірінен палатформада көрсетілген мәліметтерді (телефон нөмірі мен ЖСН) тексеру және аккаунты растау үшін жеке коды бар SMS-хабарлама келеді.
"Тексеруден өтпеген аккуанттарға қателіктерді жоюға 15 күн беріледі. Егер пайдаланушы тарапынан ешқандай әрекеттер жасалмаса аккаунт автоматты түрде бұғатталады", - дейді бағдарламаны жасаушылар.
Олардың айтуынша, бұл шара платформа мен оның қызметін бұдан әрі пайдалануды жеңілдетеді.
Естеріңізге сала кетейік, жуықта елорда тұрғындары тегін үйірмелер мен секциялар порталы ArtSport бағдарламасының жабылмауын талап әкімдік алдына жиналған болатын.