Арыстағы тұрғын үй кешені неліктен әскери арсеналға жақын орналасқан - Қорғаныс министрлігі

0
869

Тұрғын үй кешендерінің кеңейіп, өскені соншалық 1930 жылдардан бастап арсеналға жақындап кеткен.


Арыстағы тұрғын үй кешені неліктен әскери арсеналға жақын орналасқан - Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев стратегиялық арсенал неліктен Арыстағы тұрғын үй кешеніне жақын орналасқанын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз қазіргі уақытта болған оқиғаға байланысты жауапкершілікті біреуге артып қоюды ойлап отырған жоқпыз. Десе де, болған жағдайға шынайы баға берілуі тиіс. Біз арсенал неліктен тұрғын үй кешеніне жақын орналастырылған деп айтпауымыз керек. Тұрғын үй кешендерінің кеңейіп, өскені соншалық - 1930 жылдардан бергі арсеналға жақындап кеткені ескеруі тиіс», - деді Тимур Дандыбаев ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ол өз сөзінде аталмыш арсенал Совет одағы кезінде нақты стратегиялық маңызға ие болғанын тілге тиек етті.

«Бірақ, ол кезде Арыс шағын ғана ауыл болатын. Қандай да бір төніп тұрған қауіп те жоқ еді. Уақыт өтті, өмір өзгерді. Елдімекен кеңейе келе стратегиялық нысанға жақындады. Біз бұл мәселе туралы бірнеше мәрте ескертіп, тиісті ұсыныстарды берген болатынбыз. Бірақ, айналып келгенде мұның бәрі әлеуметтік мәселелерге байланысты болды. Яғни, халықты ол жерден көшіріп, қауіпсіз жерге орналастыру - белгілі бір қиындықты, әсіресе қаржылық-экономикалық күрделілікті тудыратын еді. Осыған байланысты комиссия істің ақ-қарасын ажыратар. Кінәлі адамдар тиісті жазасын алады», - деді Тимур Дандыбаев.