АШМ кәсіпорнының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

0
667

Антикор мәліметінше, мемлекеттік кәсіпорын басшыларының біріне қатысты ірі көлемде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.


АШМ кәсіпорнының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК басшыларының біріне қатысты істі тергеп жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Антикор мәліметінше, мемлекеттік кәсіпорын басшыларының біріне қатысты ірі көлемде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Күдікке ілінген тұлға жеткізуші компаниялар өкілінен "Фитосанитария" ШЖҚ РМК 11 аумақтық бөлімшесіне жеткізілетін тауарларды қабылдау-тапсыру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.

Іс бойынша ұсталғандар тергеу барысында ынтымақтастық танытып, іс бойынша жауап беріп жатыр.