Әскери колледжде жарақат алған кадеттің жағдайы ауыр – Қорғаныс министрлігі

0
487

Оқиға өткен айдың соңында болған.


Әскери колледжде жарақат алған кадеттің жағдайы ауыр – Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Щучьедегі әскери колледжде жарақат алған курсанттың жағдайы әлі ауыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде күнделікті кезекшілікте тұрған кадет жарақат алды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша Әскери тергеу департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, оқиға өткен айдың соңында болды. Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде тәуліктік нарядта тұрған кадет жарақат алған еді.