​«Асланбек + Гүлайым»: Атыраулық әйел Батумиде сирек кездесетін бамбукке есімін жазып кеткен

0
189

Бұған дейін Чикагоның қақ ортасына Шымкент деп жазып кеткен әдепсіздердің әрекеті желідегілердің ашуын туғызған болатын.


​«Асланбек + Гүлайым»: Атыраулық әйел Батумиде сирек кездесетін бамбукке есімін жазып кеткен

ERNUR.KZ. Атыраулық әйел Грузияның Батуми қаласында орналасқан Ботаникалық бақта сирек кездесетін бамбук ағашына ойып тұрып есімін жазған, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы бұрынғы шенеунік, қазіргі баспагер Шыңғыс Мұқан жазды.

Осындайымызды қашан қоямыз?..
Мына келіншек Грузияға қыдырып барған. Батумиде керемет Ботаника бағы бар. Осыдан 18 жыл бұрын болғам. Атыраудан келген келіншек өсіп тұрған сирек бамбукке барып атын жазыпты. Соңғы уақытта шетелден қайтқан қазақтар туралы жаңалық вандализм туралы болып тұр. Атыңды шығарудың ізгі жолы көп емес пе? Шетелге барсақ адамға да, мүлікке де зиян тигізбей, тыныш жүрейікші, – дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Чикагоның қақ ортасына Шымкент деп жазып кеткен әдепсіздердің әрекеті желідегілердің ашуын туғызған болатын.