Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген.
фото: Photo : АО "НК "КТЖ"
ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
"Дүйсенбі, 14 сәуірде "Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы "Найза – терроризмге қарсы-2025" атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек, дейді әкімдік мамандары.