Астанада биіктен құлап көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады

0
611

Олар желіде жалған ақпарат таратпауды сұрады.


Астанада биіктен құлап көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Астанада көпқабатты тұрғын үйден құлап көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Аталған мәлімдемені «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады.

«Мен, 12-қабаттан құлап кеткен баланың әпкесі Омарбекова А.Н. бұл қайғылы жағдайдың буллинг салдарынан өзіне қол жұмсау емес, жазатайым оқиға болғанын деп мәлімдеймін. Егер баланың отбасынан, достарынан және сыныптастарынан сұрасаңыз, бәрі оны жақсы көргенін білуге болады, ол өте көпшіл бала еді. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы жақсы болды. Модельдікпен айналысып, жарнама роликтеріне түскен. Оның өлімі №17 мектептегі буллингтен болған деген ақпараттар жақындарына ауыр тиіп отыр», - делінген мәлімдемеде.

Қор өкілдері мен марқұм жасөспірімнің туыстары желіде жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға «Триумф Астана» тұрғын үй кешенінде болған еді.