Азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен.
ERNUR.KZ. ҚМА Ішкі қауіпсіздік департаменті елордалық экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп өзін фискалдық органдардың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді ойдан шығарылған қамқорлық үшін заңсыз сыйақы беруге мәжбүрлеген азаматты ұстады, деп жазады tengrinews.kz.
Жүргізіліп жатқан тергеу материалдарына сәйкес, аталған азамат кәсіпкерден моральдық қысым көрсетіп, 300 мың теңге ақша талап еткен. Бұл жайт мессенджердегі хабарлама және аудиожазбалармен расталады.
"Жалған қызметкер қажетті соманың екінші жартысын алу кезінде парамен ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.