ERNUR.KZ. Астанада маршруттық автобустың тежегіш қалыбы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«21 тамыз күні сағат 14-24-те «IVECO» маркалы маршруттық автобусы Мәңгілік ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысында тоқтап тұрған кезде артқы тежегіш қалыбы жана бастаған (себептері анықталуда). Тілсіз жау сағат 14-49-да ауыздықталып, түгелдей сөндірілді», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, автобус жолаушылары салоннан өз беттерімен шығып кеткен. Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Шақырту алғаннан кейін 6 минуттың ішінде келген өрт сөндірушілер қайтадан өрттің шығуын болдырмау үшін автобустың жанған аумағына су шашты.