Астанада көп балалы аналарды қабылдау шарасы өтпейтін болды

0
1 035

Көп балалы аналардың 6 ақпанда берген арыздардың барлығы жүйлендіріліп, талдаудан өткізілді.


Астанада көп балалы аналарды қабылдау шарасы өтпейтін болды

ERNUR.KZ. «Астана» концерт залында (Конгресс-Холл) 15 ақпанда өтуі тиіс азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылмайтын болды. Мұның орнына әр тұрғын мен көп балалы ана өзін алаңдатқан мәселемен 7 күнге созылатын «ашық есік» апталығының аясында аудан әкімдіктеріне келе алады. Аталмыш шара 13 және 22 ақпан аралығында жүргізілетін болады, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің көптігін ескере келе, қала басшылығы 15 ақпанға белгіленген азаматтарды қабылдау шарасынының орнына 7 күнге созылатын «ашық есік апталығын» өткізуді ұйғарды. Халыққа қолайлы болуы үшін азаматтарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде құзыретті мемлекеттік органдардың (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық денсаулық сақтау, білім және басқа да басқармалар) қатысуымен өтетін болады.

Көп балалы аналардың 6 ақпанда берген арыздардың барлығы жүйлендіріліп, талдаудан өткізілді. Қазіргі таңда аталмыш өтініштер бойынша ұсыныстар ҚР Үкіметінің жанынан құрылған азаматтардың кірісі мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларды күшейтумен айналысатын Жұмыс тобының қарауында.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қатысты мәселелер жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жолданған өтініштер бойынша кешенді шаралар екі айдың көлемінде қолға алынатын болады деп күтілуде.

Еске салайық, бүгінге дейін Бақыт Сұлтановтың тапсырмасы бойынша аудан әкімдіктері 7 ақпаннан бастап көп балалы аналар мен қала тұрғындарын қабылдап жатыр. Оның барысында әр мәселе егжей-тегжейлі қаралып, оларды шешу жолдары жедел түрде қабылдануда. Аталмыш мәселелерді одан да тиімді шешу үшін 15 ақпанға белгіленген азаматтарды қабылдау шарасының орнына аудан әкімдіктерінде «ашық есік апталығын» өткізу туралы шешім қабылданды.