Астанада қураған шөп өртеніп жатыр

0
2 586

Өртті сөндірушілер мен қала әкімдігінің 3 суару техникасы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.


Астанада қураған шөп өртеніп жатыр

ERNUR.KZ. Астанада құрғақ шөп өртеніп жатыр. Ақпаратты қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, бүгін сағат 16:14-те Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментіне Көктал-1 тұрғын алабы жақта түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер қураған шөп пен бұталар 1 гектар аумақта өртеніп жатқанын анықтады", - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндірушілер мен қала әкімдігінің 3 суару техникасы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.