Астанада лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы емнен бас тартты

0
206

Елордада лифт ішінде 5 жасар баланы пышақтаған психикалық ауытқуы бар жасөспірім тұрақты ем қабылдамаған.


Астанада лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы емнен бас тартты

Фото: бейнеден скриншот

ERNUR.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Елордада лифт ішінде 5 жасар баланы пышақтаған психикалық ауытқуы бар жасөспірім тұрақты ем қабылдамаған.

– Анасы баласының диагнозын мойындамай, емдеуден бас тартқан. Осы себепті емдеуде үзілістер болған, ал бұл жағдайдың асқынуына әкелді. Қазір емнен бас тартқан жағдайда қамқоршылардың жауапкершілігін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр, – деді министр Мәжілістегі баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 11 ақпанда елордада жасөспірім лифт ішінде 5 жасар баланы пышақтаған болатын. Кейін белгілі болғандай, күдікті психикалық денсаулық орталығында арнайы есепте тұрған.