​Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған баланың жағдайы жақсарды

0
441

Шабуыл жасаған жасөспірім арнайы психоневрологиялық есепте тұрған.


​Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған баланың жағдайы жақсарды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Елордада тұрғын үй лифтінде шабуылға ұшыраған баланың денсаулығы жақсарып келеді, бүгін дәрігерлер жарақат тігістерін алуды бастады, деп жазады inform.kz.

— Бүгін тігістердің басым бөлігі алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, өзін белсенді ұстауда. Қашан үйге шығаратыны белгісіз. Бәрі тексерістен кейін анықталады, — деп түсіндірді № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.

Айта кетейік, елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.
Шабуыл жасаған жасөспірім арнайы психоневрологиялық есепте тұрған.