Жеңістің 80 жылдығына дайындыққа ерекше көңіл бөлінді.
фото: Посольство России в Казахстане
Қазақстандағы Ресей елшілігінің хабарлауынша, одақтастық қарым-қатынастарды, мәдени-гуманитарлық, экономикалық және білім беру байланыстарын нығайту мақсатында Ресей мен Қазақстанның этномәдени бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту іс-шараның басты тақырыбы болды.
"Ресей мен Қазақстанның мәдениеттері мен халықтарын өзара байытуға ерекше үлес қосқан және орыс-қазақ достығын нығайту жолында жемісті қоғамдық іс-шаралар жүргізген отандастар "Россотрудничество" және Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды", - деп хабарлады елшілік.
Форум делегаттары генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысты, "Русский дом" ұйымдастырған дәріс түріндегі бейнетаныстыруда өлке суретшілерінің шығармашылығымен танысты және М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Евгений Онегин" спектаклінің премьерасына қатысты.