Ол жүрек талмасынан тіл тартпай кеткен.
Фото: Azattyq Ruhy
ERNUR.KZ. Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде жаттығу кезінде 1983 жылы туған полиция қызметкері өзін жайсыз сезініп, артынан көз жұмғаны әлеуметтік желіде таралған еді. Астана қаласының полиция департаменті аталған деректі растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жүрек талмасынан полиция қызметкері Мелдебеков Қасымхан Омарғазыұлы қайтыс болған.
Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Алдын ала анықталғандай, полиция қызметкері жаттығудан кейін залдың шығаберісінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына дереу жетсе де, оның өмірін құтқарып қала алмаған. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша, өлімге миокард инфаркті әкеп соққан», - делінген полиция хабарламасында.