Астанада тапшылыққа байланысты су қысымы төмендейді

0
591

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін қолға алынады.


Астанада тапшылыққа байланысты су қысымы төмендейді

ERNUR.KZ. Астанада су қысымы төмендейді. Қала тұрғындарына суды ұтымды пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауызсу өндіруге арналған жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. "Астана су арнасы" су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр:

04:30-дан 09:30-ға дейін судың қысымы жоғары режимде болады;
09:30-дан 12:00-ге дейін - төмендетілген қысымда;
12:00-ден 14:00-ге дейін - жоғары қысымда;
14:00-ден 18:00-ге дейін - төмендетілген қысымда;
18:00-ден 00:00-ге дейін - жоғары қысымда;
00:00-ден 04:30-ға дейін – төмендетілген қысымда", - деді компания өкілдері.

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылғанға дейін қолға алынады. Оның құрылысы 2021 жылдың күзінде басталған.

"Тәулігіне 105 000 текше метр өткізу қабілеті бүкіл қаланы сумен қамтамасыз етуді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жаңа сорғы және сүзгі станциясы құрылысын аяқтау биылғы жазға жоспарланып отыр. Барлық тұтынушылардан судың сапасы мен мөлшеріне теріс әсерді азайту үшін суды ұтымды пайдалануды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет", - деді компания астаналықтарға.