Астанада Ұлттық қауіпсіздің комитетінің үш қызметкері қамауға алынды

0
521

Олар азаптау бабы бойынша күдікке ілінген.


Астанада Ұлттық қауіпсіздің комитетінің үш қызметкері қамауға алынды

ERNUR.KZ. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Олар азаптау бабы бойынша күдікке ілінді, деп жазады zakon.kz.

Бұл ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі таратты.

"2023 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Аманов Е.И., Әбдуғали Х.С., Сартаев Қ.Б.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады".Астана қаласы сотының баспасөз қызметі
Бұған дейін белгілі болғандай, ҰҚК-нің үш қызметкері: Еркін Аманов, Хамит Әбдуғали, Қайрат Сартайдың үстінен (Шекара қызметі) қамаудағы адамдардың туыстарынан шағым түскен. Олардың сөзінше, ҰҚК қызметкерлері "қажет" жауапты алу үшін елордадағы уақытша ұстау изоляторларының бірінде тұтқындарды азаптаған.
Ұсталғандардың бірінің туысының айтуынша, Семейде құрамында алтын бар кен ұрлады деген күдікпен туысқаны 2021 жылдың наурыз айында ұсталған. Әйелдің сөзінше, туысын елордадағы уақытша ұстау изоляторындағы ҰҚК-нің "арнайы жертөлесінде" бірнеше ай бойы азаптаған.