Астанада жалақысын ала алмаған ер адам суицид жасамақшы болды

0
448

Оқиға Қосшығұлұлы көшесіндегі "Ақерке 2" тұрғын үй кешенінде болған.


Астанада жалақысын ала алмаған ер адам суицид жасамақшы болды

ERNUR.KZ. Астанада құрылысшы көпқабатты үйдің соңғы қабатына шығып, балконнан секірмек болды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Қосшығұлұлы көшесіндегі "Ақерке 2" тұрғын үй кешенінде болған.
"Ер адам көпқабатты үйдің балконынан секірмекші болды. Көршілері көмек шақырды. 40 жастағы ер адам төменге түсіріліп, полицияға жеткізілді. Оның іс-әрекетіне не себеп болғаны тексеріліп жатыр", - дейді полициядағылар.
Көршілерінің айтуынш, ер адам біраздан бері жалақысын ала алмай жүрген.
"Мен куәгер болдым, сондай қорқынышты жағдай. Бұл кісі құрылысшы, осында ақша табу үшін келген. 6 ай бойы жалақы төлемеген, салдарынан пәтерінен шығарып жіберген. Мұндай жұмыс берушілерді заңның қатаңдығы бойынша жазалау керек деп санаймын", - деді болған оқиғаның куәгерлерінің бірі.