Астанадағы мектептің әжетханасында баланың аяусыз соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған

0
181

Оқиға №106 орта мектепте болған.


Астанадағы мектептің әжетханасында баланың аяусыз соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 26 қарашада Қазнетте Астанадағы мектептердің біріндегі мектеп әжетханасында оқушының аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады, деп жазады zakon.kz.

Видео авторларының айтуынша, оқиға №106 орта мектепте болған.

Астана полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне бұл деректің тіркелгенін хабарлады.

"Оқушының ата-анасы бала тәрбиесіндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылып жатыр. Материалдар сотқа және қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды. Полиция сонымен бірге Білім басқармасына мұндай фактілердің алдын алу туралы ұсыныс жолдады", - деп хабарлады полиция.