"Астрахан-Маңғышлақ" су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге ұрланған

0
177

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.


фото:sputnik.kz.

ERNUR.KZ. "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге мемлекет қаражаты жымқырылған. Мұны прокурорлар бюджеттің атқарылуын тексеру барысында анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
"КазТрансОйл" АҚ-ның еншілес компаниясы - "Магистральдық Су құбыры" квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, сот санкциясымен бұғау салынған.
Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.