Атырау қаласы маңында үш бала Жайық өзеніне батып кетті

0
254

2008 жылы туылған ұл балалардың белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсіп, батып кеткен.


Атырау қаласы маңында үш бала Жайық өзеніне батып кетті

ERNUR.KZ. Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш бала Жайық өзеніне батып кетті, деп жазады zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше түс ауа болған.

"2024 жылы 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 2008 жылы туылған ұл балалардың белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсіп, батып кеткендігін анықтады. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18: 25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды".Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Үшінші жасөспірімнің денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Атырау облысы ТЖД сапынан 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.