29 қыркүйекте шамамен сағат 10:00-де Атыраудағы Somerset қонақүйінде "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі директоры Мұрат Досмұратов көз жұмған.
ERNUR.KZ. "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі бұрынғы АМӨЗ басшысы Мұрат Досмұратовтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, деп жазады tengrinews.kz.
Azh.kz мәліметінше, 29 қыркүйекте шамамен сағат 10:00-де Атыраудағы Somerset қонақүйінде "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі директоры Мұрат Досмұратов көз жұмған.
"Алдын ала деректер бойынша, өлім себебі – жүрек талмасы. Қонақүй әкімшілері жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның клиникалық өлім жағдайында екенін анықтап, реанимациялық шаралар жасаған, алайда құтқарып қалу мүмкін болмаған", – деп жазады басылым.
Айта кетейік, Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірқатар маңызды қызметтер атқарған.