Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев сотталды

0
477

​Бүгін Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаровқа қатысты сот үкімі шықты.


Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев сотталды

ERNUR.KZ. Нұрлан Таубаев өзіне артылған қылмысты мойындаған жоқ, деп жазады exk.kz.

Коронавируспен күреске модульдік аурухана салып жатқан құрылыс компаниясы басшысынан 180 миллион теңге пара талап етті деген күдікпен ұсталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев ҚК 24-366 бабымен (Пара алуға дайындалу) кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынды. Сөйтіп, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның сыбайласы — құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаров дәл осы баппен кінәлі деп танылып, 5 жылын түрмеде өткізетін болды. Екеуі де жазаларын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

182 миллион теңге пара алды деген айыппен сотталып жатқан Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаров екі жыл бұрын ұсталды. Прокурор оларды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.