Атырау облысында әкесін ұрып өлтірген тұрғын ұсталды

0
355

Сот медицианлық сараптамасы жасалды.


Атырау облысында әкесін ұрып өлтірген тұрғын ұсталды

ERNUR.KZ. Атырау облысының 38 жастағы тұрғыны әкесін ұрып өлтірді. Оқиға Индер ауданындағы Есбол ауылында болған, деп жазады sputnik.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, отбасылық жанжал неден туындағаны әзірге белгісіз. 38 жастағы күдікті ата-анасынан бөлек, қалада тұрған. Ал марқұм зейнет жасына қармастан вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында.
Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі бойынша (қасақана дене жарақатын салу салдарынанадам өліміне әкеліп соққан іс-әрекет) тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сот медицианлық сараптамасы жасалды.
"Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бір -біріне туысқандық қарым-қатынасы, әкесі мен баласы болып келетіндігі анықталып отыр", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.