Күдікті ретінде 39 жастағы әйел ұсталды.
фото: Sputnik / Anar Mustafayev
ERNUR.KZ. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында егде жастағы әйел кісі қолынан көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
БАҚ-та бұл қылмысты жасады деген күдікпен 83 жастағы марқұмның келіні ұсталды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растаған.
"1942 жылы туған әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді облыстық полиция департаменті.