Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды

0
285

Атырау облысында табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда.


Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп жазады baq.kz.

Атырау облысы ТЖД мәліметінше, алдағы тәулікте облыста дауыл соғады.

24 мамырда Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.

Облыстың солтүстік - шығысында, оңтүстігінде, шығысында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м / с.

Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Ауа райының нашарлауына байланысты, құтқарушылар облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақыруда. Әсіресе, тасқын қауіпі күшейіп тұрған Махамбет, Индер бағыттарындағы трассамен жолға шығу - өте қауіпі, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Атырау облысында табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда, тасқын су қаупіне байланысты, кейбір бағыттар бойынша автомобиль жолдары уақытша жабылды.