Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі адамды құтқарды

0
670

Қатты тоңып қалған әйел мен ер адамды патрульдік полиция қызметкерлері аудандық ауруханаға уақытылы жеткізген.


Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі адамды құтқарды

ERNUR.KZ. Атырау облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен әйел мен оған көмектеспек болған ер адамды құтқарды, деп жазады sputnik.kz.

25 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзенінде белгісіз әйел мұз астына түсіп кеткені жөнінде аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабар түскен.
Аудандық полиция бөлімінен саптық жиыннан келе жатқан полиция қызметкерлері тез арада оқиға орнына жетуге бағыттама алған.

Оқиға орнына жеке автокөлігімен бірінші жеткен тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман Насихан арқан жіп алып, мұз үстіне шығып, көмекке келген ер адамның да мұз ойығына түсіп кеткенін көрген. Сол сәтте көмекке патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері Артур Каримов, Нұрхат Зұлқаров, Әділбек Темірболат, Жандос Ибатуллаев, Амандық Айдыналиев және учаскелік полиция инспекторы Дархан Аманғалиев көмекке келіп, суға кеткен әйел адам мен оны құтқармақ болып өзі де ойылған мұз құрсауында қалған ер адамды құтқарып қалған.

Жұқа мұз үстіне бір уақытта 10-ға жуық адам шыққан сәтте мұз ойығы одан әрі үлкейген. Алайда адам өміріне араша болар сәтте аязды күнде мұзды суға қарамастан оқыс оқиғаға куә болып, бейжай қарамаған 1996 жылы туған азамат пен полиция қызметкерлері 1959 жылы туған әйел адамды жағаға шығарды.
Қатты тоңып қалған әйел мен ер адамды патрульдік полиция қызметкерлері аудандық ауруханаға уақытылы жеткізген. Қазіргі таңда 64 жастағы әйел адам дәрігердің бақылауында.