Кадрлардан бір топ адам бір-бірін ұрып жатқаны көрінеді.
ERNUR.KZ. Атырау облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.
Кадрлардан бір топ адам бір-бірін ұрып жатқаны көрінеді. Олардың арасында таяқ ұстағандары да бар. Бұл ретте қараңғыдағы төбелес тек шамның жарығымен көрінеді. Видео сипаттамасында оқиғаның 21 шілдеде Атырау облысының Қызылқоға ауданында болғаны айтылған.
Атырау облыстық Полиция департаменті Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімі әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және тергеу басталды. Аймақтың барлық ауруханасы тексерілді, дене жарақатымен түскен адамдар анықталмады. Сондай-ақ, Сағыз ауылының жастарымен профилактикалық - түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД.