Атырау тұрғынына басқаның суретін желіге жариялағаны үшін 100 мың теңге айыппұл салынды

0
299

Сот фотосурет заңсыз алынған, сол арқылы жәбірленушіге моральдық шығын әкелген деген қорытындыға келген.


Атырау тұрғынына басқаның суретін желіге жариялағаны үшін 100 мың теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ.. Атырау қалалық сотының мәліметінше, сотталушы еш келісімсіз Facebook әлеуметтік желісінде жәбірленушінің жұмыс орнындағы суреті бар мақала жариялаған, деп жазады Stan.kz.


Жәбірленуші мұны өзінің жеке өміріне қол сұғу және жеке шекараны бұзу деп санайды. Ол фотосуретті алып тастап, 200 000 теңге моральдық шығын өтеуді сұраған.


Сот фотосурет заңсыз алынған, сол арқылы жәбірленушіге моральдық шығын әкелген деген қорытындыға келген. Сондықтан жауапкерге жазбаны әлеуметтік желілерден өшіріп, арызданушыға 100 000 теңге өтемақы төлеу міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған қарсы шағым түсіре алады.

Бұған дейін Шымкентте екі экс-тергеуші модель қыздардың ашық суреттері мен видеоларын ата-анасына көрсетемін деп бопсалап, 300 мың теңге сұрағаны белгілі болған еді.