​ Атырауда 23 жастағы бойжеткеннің із-түзсіз жоғалуына байланысты екі күдікті ұсталды

0
85

Із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жылы дүниеге келген.


​ Атырауда 23 жастағы бойжеткеннің із-түзсіз жоғалуына байланысты екі күдікті ұсталды

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Атырау қаласында 5 күн бұрын 23 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Осыған байланысты екі күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталған күдіктілердің жасы 24 және 25-те.

«Адам ұрлау және адам өлтіру баптарымен қылмыстық іс тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді басталды. Осыған байланысты екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 23 жастағы бойжеткенді 3 күннен бері іздеп жатқанын жазған болатынбыз.

Із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жылы дүниеге келген. Ол Атырау қаласының Авангард-2 шағын ауданындағы көпқабатты үйде тұрған. Пәтерінен 18 қазан күні кешкі сағат 22:00 шамасында шығып, кері оралмаған.