Оқиғаны полиция департаменті растады.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданында 1979 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Ол тұрғын үйдің сегізісінші қабатынан құлап кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиғаның видеосы алдымен әлеуметтік желіге тарап кеткен. Куәгерлер әйелдің жас екенін айтқан. Ресми комментарий берген полиция департаменті оқиға бүгін, таңғы уақытта болғанын хабарлады.
«9 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 8 қабатынан құлаған 1979 жылғы әйел адамның өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жәйі тексеріліп, кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.