Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабымен хаттама толтырылды.
Фото: видео скриншот
ERNUR.KZ. Бұл туралы Телеграм арналардың бірінде видео тарады. Кейін аталған деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп жазады inbusiness.kz.
"Әлеуметтік желіде таралған видеоға байланысты автокөлікке әйелді күштеп мінгізген 22 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабымен хаттама толтырылып, қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алайда аталған дерекке байланысты полицияға 22 жастағы бойжеткеннен шағым түспеген.