Атырауда газ ауа қоспасы жарылып, 5 адам жансақтау бөліміне түсті

0
1 355

Барлығы – бір отбасының мүшелері.


Атырауда газ ауа қоспасы жарылып, 5 адам жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Атырауда тұрғын үйлердің бірінде газ ауа қоспасы жарылды, деп жазады sputnik.kz.

Салдарынан бес адам жансақтау бөліміне түсті. Барлығы – бір отбасының мүшелері. Оқиға 2 қаңтарда болған.
"Көкнәр ауылы Көкарна көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар газ ауа қоспасы жарылғанын анықтады. Салдарынан 140 шаршы метр тұрғын үй өртенген", - дейді ведомство.
Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.