Атырауда інісімен бірге суға батқан қыздың денесі табылды

0
1 140

1 тамызда Атырау маңында 9 жасар қыз бен 7 жасар ұл бала суға батып кетті.


Атырауда інісімен бірге суға батқан қыздың денесі табылды
ERNUR.KZ. Атырау маңында інісімен бірге суға батып кеткен қыздың денесі үш күннен кейін табылды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамызда сағат 18:53-те Атырау қаласының Құрманғазы ауылында сүңгуірлер баланың денесін тауып, судан шығарып алған.

“Сүңгуірлер 1-3 тамыз аралығында барлығы 20 су асты сүңгуін өткізді. 12-15 метр тереңдікте алты мың шаршы метр аумақ зерттелді. Су астындағы іздеу жұмыстарына күшті ағын, су астындағы бөгде заттардың көптігі және лайдан дым көрінбеу кедергі болды, - деді аймақ ТЖД.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда Атырау маңында 9 жасар қыз бен 7 жасар ұл бала суға батып кетті. Құтқарушылар сол күні інісінің денесін тапқан болатын.