Атырауда каналдан ер адам өлі табылды

0
447

Ер адам 13 мамырда сағат 18:20-да өлі табылған.


Атырауда каналдан ер адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Атыраудағы Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды.

Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамыр күні сағат 17:00-де 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.