Түрлі дене жарақатын алған бір жолаушы жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
ERNUR.KZ. Атырау қаласында көпірдің үстінде екі көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп жазады baq.kz.
Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда, жол апаты бүгін, 10 наурыз күні сағат 01:40 шамасында болғаны анықталып отыр.
Атырау қаласындағы Жайық өзенінің қос жағалауын жалғайтын көпірдің үстінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Granta автокөлігінің рөлінде болған 1998 жылғы жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бір жолаушы жедел жәрдем бригадасының көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.
Қазір полиция қызметкерлері тиісті іс құжаттарын жинақтап жатыр. Жол апатының себебін анықталады.