Атырау қаласында Жайық жағалауын бекіту жұмыстары 112 учаскеде жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Орнатылып жатқан бонндар толқынның күшін әлсіретеді. Бонның алғашқы партиясы Алмалы елдімекенінде орнатылуда, деп жазады baq.kz.
Қатты ағынмен келе жатқан судың толқыны жарды жеп, бөгеттерді бұзып кетпеуі керек. Алмалымен бірге, Бесікті, Талғайраң, Дамбы сияқты ауылдардың жағаларын қорғауымыз қажет. Бонндар негізінен мұнай қалдықтарын жинауға қолданылады. Қазіргі уақытта біз бонндарды стратегиялық нысан - су беру стансаларын қорғап қалу мақсатында өзеннің бетіне орнатып жатырмыз. Бонндар мұнай компаниясынан алынуда. Бүгінгі таңда Ақтау қаласындағы резервтердің барлығы Атырауды тасқыннан сақтап қалу үшін пайдаланылып жатыр, - деді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, генерал-майор Жасұлан Джумашев.
Еске сала кетсек, Атырау қаласында Жайық жағалауын бекіту жұмыстары 112 учаскеде жүргізілуде.
20 сәуір күнгі мәлімет бойынша Жайық жағалауының 199 шақырымына бөгет тұрғызылды. Жоспар бойынша Жайық өзені жағалауының 237,6 шақырымына бөгет орнатылуы қажет.