Атырауда су тасқынынан бүлінген 25,6 шақырым жол мен 6 көпір жөнделіп жатыр

0
356

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде су басқан учаскелерге қосымша су өткізгіш құбырлар салынады.


Атырауда су тасқынынан бүлінген 25,6 шақырым жол мен 6 көпір жөнделіп жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысында су тасқынынан 25,6 шақырым жол мен 6 көпір бүлінген. Қазір жөндеу жұмысы жүріп жатыр, деп жазады inform.kz.

Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Нұралы Әбишанның айтуынша, көктемде Ойыл, Жем және Жайық өзендері тасыған кезде Қызылқоға, Жылыой, Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласында жол мен көпірлерге зақым келген.

«Су тасқыны кезінде бүлінген жолдың ұзындығы 25,4 шақырымды құрайды. Жол бойындағы 6 көпір жарамсыз болып қалды. Жыл соңына дейін жол мен көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары дейін аяқталады», - дейді Нұралы Әбишан.

Оның айтуына қарағанда, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде су басқан учаскелерге қосымша су өткізгіш құбырлар салынады.

«Жөндеу жұмыстарына басталғанымен, Атырау-Индер автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу жоқ. Тас жолдың жүруге жарамсыз аумағына айналма жол салынды. Қазір аталған трассадағы 44 шақырым жолдың жиегі мен 3 шақырым жол жабындысы қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұл жұмысқа 17 техника бөлініп, 24 жұмысшы жұмылдырылды. Аталған жұмыстарды «Атырау жолдары», «Қазақдорстрой» ЖШС жүргізуді қолға алды», - деп мәлім етті Нұралы Әбишан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа шағын аудан салынып жатқанын жазған едік.