Атырауда төбелес шығарған 28 футбол жанкүйері жазаланды

0
494

Жаппай төбелеске қатысқан екі адамға 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Атырауда төбелес шығарған 28 футбол жанкүйері жазаланды

ERNUR.KZ. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық бабы бойынша 28 ер адамға қатысты істі қарады, деп жазады Stan.kz.

Жаппай төбелеске қатысқан екі адамға 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалғандары бюджетке 10 721 теңгеден төлеуі тиіс. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше айыппұл салғандардың 25-і Ақтөбе облысының тұрғындары.

"Әкімшілік жаза шарасын анықтау кезінде сот ауыр мән-жайлардың болмауын назарға алды. Жауапкершілікті жеңілдету ретінде олардың жасаған ісіне өкінуі, отбасылық жағдайы, сондай-ақ алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны танылды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ 19 маусым күні "Атырау" - "Ақтөбе" футбол матчы басталар алдында стадионның жанында екі команданың жанкүйерлері арасында жаппай төбелес болған еді.