ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.
ERNUR.KZ. Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды, деп жазады tengrinews.kz.
Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан құлаған төрт жастағы ұл бала оқиға орнында қайтыс болған.
"Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды", - делінген хабарламада.