Олардың ішінде шетелдік те болған.
ERNUR.KZ. Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Басқарма мәліметінше, саунада еліміздің түрлі өңірінің - Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына «қызмет» көрсетілген.
Аталған дерек бойынша сауна әкімшісіне қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында Тәжікстан Республикасының интимдік қызмет көрсеткен 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды. Қазақстанға қарашада келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды.
Барлық анықталған тұлға жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді.