Атырауда Жайыққа батқан жасөспірімнің анасы көлік қозғалысын шектемек болған

0
346

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.


Атырауда Жайыққа батқан жасөспірімнің анасы көлік қозғалысын шектемек болған

Фото: Видеодан кадр

ERNUR.KZ. Атырауда тамыз айында бірнеше жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткен еді. Бүгін жасөспірімнің бірінің анасы көлік қозғалысын шектеуге тырысты, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегідей түсінік береді.

«Бүгін, 11 қазан күні сағат 9:00 шамасында қала тұрғыны облыстық прокуратура тұсындағы жол қиылысында көлік қозғалысын шектемек болды. Әйел адам құқық бұзушылықтың алдын алуға барған тәртіп сақшыларының заңды талабына бағындай кедергі келтірді. Аталған азаматша – тамыз айында Жайық өзеніне достарымен барып, батып кеткен жасөспірімнің анасы. Полиция бұл дерек бойынша тамыз айынан бері қылмыстық істі тергеуді жүргізіп жатыр. Тергеудің кешенді іс-әрекеттері жан-жақты жүргізіліп, жәбірленушіге түсіндірілді. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының тікелей бақылауына алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.